Шиелі «Open space» форматында жұмыс істеуге көшті

Шиелі ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынған «OPEN SPACE» стилінде жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер ашылды.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысы негізінде Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен азаматтарға қызмет көрсетуші 6 салалық мемлекеттік мекеме басшылары ашық форматта жұмыс жасауға көшті.

Атап айтқанда:
- «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген 6 бөлімнің басшылары ғимараттың бірінші қабатында орналасқан арнайы «OPEN SPACE» стиліндегі кабинетте жеке және заңды тұлғаларға жеке қабылдаулар өткізетін болады. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін арыз-шағымдарымен және басқа да мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдайтын бөлмелердің қабырғалары әйнекке ауыстырылған.

Осы шараны әрі қарай жалғастыру үшін Жаңақорған аудандық әкімдігіне эстафета жолданды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2019 г. 276 0