«Зекет» қоры қайырымдылық акциясын бастады

ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен  50 отбасыға азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы: «Рамазан – мейірімділік айы. Алла Тағаланың разылығына бөлейтін ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру - Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Рамазан айы баршаңызға құт-берекесін алып келсін! Ораза мүбарак болсын!» - деді.


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2019 г. 479 0