3 айда заңсыз айналымнан 14 келіден астам есірткі алынды

177

0

3 айда заңсыз айналымнан 14 келіден астам есірткі алындыҚызылорда облысы көлемінде есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында атқарылған жедел-қызметтік шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың 3 айында есірткіге байланысты 129 деректер анықталып сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, оның 32 қылмыс болса, 97 қылмыстық теріс қылықтар. 
Тіркелген 32 қылмыстық істің 13-і есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, 17-і есірткі құралын сату, 1 – заңмен өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі  құралдары бар өсімдіктерді егіп баптау және 1-есірткі құралдарын тұтыну үшін притон ұйымдастыру қылмыстары. 
Сондай-ақ, тіркелген 97 қылмыстық теріс қылықтың 93-і ҚР ҚК-нің 296-бабының 1,2,3 бөліктерінде және 4-і ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтар. 
Заңсыз айналымнан барлығы 14 кг. 199 гр. есірткі заты тәркіленген, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі. 
Мысалы, Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті ЕБҚКБ-мен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде 1980 ж.т. облыс орталығының тұрғыны Қызылорда облысынан Батыс Қазақстан облысына 2 кг. астам есірткі құралын тасымалдау үстінде ұсталып, бас шарасы қамаққа алынды. Күдікті азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен  қылмыстық іс қозғалды.  
Шынар БЕКБАН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз