Көлік ұтып алған Динара Сұлтанның жеңісін көпшілік сынға алды

«Хабар» арнасындағы «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасында жеңіске жеткен Динара Сұлтан сын астында қалды. Instagram парақшасында көпшілікке алғыс білдірген әнші оқырмандар арасында қызу талқыға түскен деп жазады Kaz.NUR.KZ
Жоба нәтижесі бойынша жеңіс тұғырынан көрінген Динара Сұлтан демеушілерден автокөлік кілтін алған.
Жүйріктерден озып шыққан әнші Instagram парақшасында өз қуанышымен бөлісіп, арна басшылығы мен жоба ұйымдастырушыларына, көрермендерге алғыс білдіріпті.
Алайда, жеңімпаздың бұл жазбасы көп жұрттың көңілінен шықпаған екен.
Оқырмандардың басым бөлігі жекпе-жекте Бауыржан Ретбаевтың жеңіске жетуі керектігін алға тартқан.
«Әділ емес», «Сенің орныңда Ретбаев болуы керек еді», «Меніңше, Бауыржан Ретбаев лайық еді. Жастарға жол беру керек қой», «Ұялмай, қалай алып жатырсыз?», «Жол Бауыржандыкы еді», «Рамазан айында әділ өткені дұрыс болар еді», «Сіз маған әйел, ана, әртіс ретінде ұнайсыз. Бірақ Ретбаев немесе Мақсат үздік болды», «Әділ емес, Баука мықты еді», «Қазақ десең, өзіңе тиеді», «Бауыржан лайық еді, әттең», – деп жазған олар.
Айта кетерлігі, пікір білдірушілер қатарында әншіні жеңіске лайықты деп танып, құттықтағандардың да саны толассыз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2019 г. 174 0