Математиктер олимпиадасы

Шиелі ауданының 21 бекеттегі №243 негізгі орталау мектебінде математика пәнінен аудандық олимпиада өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Ұзақ жылдар бойы Шиелі ауданында білім бөлімі басшысының орынбасары лауазымында қызмет жасап, өзінің сүйікті мамандығы математика пәніне көптеген шәкірттер тәрбиелеген ұстаз, Қазақ ССР-нің білім беру ісінің озық қызметкері Жанайдар Омаровтың рухына арналған бұл олимпиада көптеген алғыр шәкірттер мен талантты ұстаздардың мәртебесін көтерді.  

«Өмірі адалдықпен  өрнектелген, жаны жайсаң Жан аға» тақырыбында айшықталған бұл шараны аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалипа Сәрсенбаева мектеп ұжымымен бірлесе ұйымдастырды. Шараның өз дәрежесінде өтуіне Рысдуәлет Құдайбергенов басшылық жасайтын білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитеті демеушілік жасады.
Шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейлханов ашып, аталмыш жиынның мәніне терең тоқталды. Сондай-ақ, шара барысында ұзақ жылдар бойы білім саласында Ж. Омаровпен бірге қызметтес болған әріптесі, аудандық мәслихат депутаты Найла Палымбет, білім саласының ардагерлері Пернеш Жүсіпова, Сағындық Сұлтанов және басқа да әріптестері өз пікірлерін білдірді. Әңгіменің қызығын институтта бірге оқыған құрдастары Жұмабай Омарұлы мен Пернебек Жүнісұлы айтты. Студент шақтарындағы оқиғаларды айта келе, Жанайдардың математика пәніне адалдығы сонау мектеп қөабырғасынан қаланғанын еске алды. Және де өмір белестерінің соңғы жылдарында бірге жүрген құрдасы, жазушы- жураналист Нұрмахан Елтай ұлағатты әңгіме өрбітті.
Жиналған көпшілік Жанайдар ағайдың білікті басшылығын, қарапайымдылығын, адамгершілігін, қонақжайлылығын сөз етіп, өздерінің естеліктерімен бөлісті. Кеште тек естеліктер ғана емес, жыр шашулар мен арнау өлеңдер де айтылды. Аудандық әуез мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұртілек Ақтаев оқушысы Үсен Сымбатпен  және Беркінбаев Дәурен өздерінің жыр шашуын арнады.
Жиын соңында Жанайдар Омаровты еске алуына орай «Өмірі адалдықпен өрнектелген, жаны жайсаң Жан аға» атты мұғалімдер арасындағы математика пәнінен аудандық олимпиада жеңімпаздары марапатталды. Мұғалімдер арасындағы бәсекеде бас жүлдені № 153 мектептің ұстазы Фарида Смайлова жеңіп алды. Ал сондай-ақ, аталмыш шараға қатысушылар; Ә.Абибуллаева, Г.Нұғманова, Ә.Нұркеева, Ж.Саруарова, Ғ.Дүкенбаева, Р.Баймбетова, С.Сейтжанов, Қ.Байдуллаева, Г.Мауяева, Ж.Құлымбет, М.Баймағанбетова, М.Назарсейт, Г.Елжасаровалар жақыс нәтиже көрсетіп, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ал оқушылар арасында бас жүлдені №45 Ақ Орда қазақ орта мектебінің оқушысы Азизжан Абдіразақова жеңіп алды. (Жетекшісі Гүлзада Қарабаева,) Бірінші орынға Дулат Дәуренұлы (Жетекшісі Д.Жаппасбаева, №207 мектеп), екінші орынға Әліби Жұмабайұлы (Жетекшісі Ф.Смайлова, №153 мектеп), үшінші орындарға Т.Шайхынуриддин, (Жетекшісі Г.Молдабаева, № 50 мектеп), Ж.Әбдімажитова (Жетекшісі Г.Қозайдарова №127 мектеп) ие болды.

Нұрмахан ЕЛТАЙ,
Шиелі ауданы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2019 г. 109 0