Қармақшыда бокстан республикалық турнир басталды

Жосалы кентінің орталығындағы дене шынықтыру және спорт кешенінде «Қазақстан Республикасының спорт саласына еңбек сіңірген» құрмет белгісінің иегері Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды, деп хабарлады syrboyi.kz Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне хабарлама жасап.
Қуаныш Қаражанұлы білікті жаттықтырушы ретінде танылды. Шәкірттері полицейлер арасында Әлем чемпионаттарында, Азия чемпионаттарында және түрлі деңгейдегі халықаралық турнирлерде ел мерейін асқақтатты. ҚР Спорт шеберлерін және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындады.  
Жасөспірімдердің бокс турниріне Атырау, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Қызылорда облысынан 15 команда 300-ге жуық спортшылар қатысуда.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2019 г. 361 0