Асылхан Төлепов театр директорының орынбасары болып тағайындалды (фото)

Актер Асылхан Төлепов жаңа қызметтің тізгінін ұстады. Ол "Алатау" дәстүрлі өнер және кино театры директорының орынбасары болып тағайындалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабарды Асылханның анасы Салтанат Бисембаева жеткізді.

Ол Instagram парақшасына ұлының тағайындалу сәтінен түсірілген суретін жариялаған.

Суретте Асылхан Төлепов пен бірге Алматы әкімі Бауыржан Байбек бар.

"Баланың жетістігін көру - әр ата-ана үшін үлкен бақыт. Осы күндерге жеткізген Аллаға шүкір! Асылxан балам "Алатау" дәстүрлі өнер және кино театры директорының орынбасары болып тағайындалды. Қуанышты көпшілікпен бөліссең еселене түседі. Құттықтап қойсаңыздар болады. Балам, артылған сенімді абыроймен ақтарсың, жұмысыңның жемісін көр" , - деп жазды актердің анасы.

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2019 г. 246 0