Қызылордада жүк көлігі қаққан адам оқиға орнында көз жұмды

Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында «КамАЗ» жүк көлігі адам қағып кетті. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 15 мамырда орын алған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігімен іс қозғалған.

«Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2019 г. 602 0