Қызылордада найзағай ойнап, бұршақ жауады

Синоптиктер ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 17 мамыр, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе қаласында осы күні күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

17 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік сақталады. Күндіз кей аймақтарда найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Көкшетау қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

17 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік сақталады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 17 мамыр, түнде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

17 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады.

Қызылорда қаласында 17 мамырда найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2019 г. 321 0