Қармақшыда Бақтияр Тайлақбаевтың ән кеші өтті

Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты ерекше дауыс иесі Бақтияр Тайлақбаевтың мерейтойлық ән кеші өтті.

Әлемді әнімен қатар даусымен де таңдай қақтырған Бақтияр Тайлақбаевтың бүгінде өнер саласында жүргеніне 40 жыл. Кезінде «Аман бол, ағаларым», «Ауылға», «Кекілді қыз» сынды әндерімен халыққа танылған өнер жұлдызы кеш қонағы Абай Бегеймен бірге әсем әндер орындап, көрермен көңілін көтеріп тастады.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы сөз алып, аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлының құттықтауын табыстап, өнер майталманына ізгі лебізін білдірді.

Сонымен бірге кешке жиылған қауым әншіні сағынып қалғандай. Қол соғып, қошемет білдіріп, әншіге деген ыстық ықыластарын жеткізді.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2019 г. 58 0