Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері қызылордалық сайлаушылармен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан «Агро-Өркен» ЖШС жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлады "Қазақпарат"
Егіс алқабында өткен кездесуде кандидат А.Таспиховтың өмірбаяны, атқарған қызметі және сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды.
Сондай-ақ, қызылордалық белсенділер демалыс күндері халық көп жиналатын ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарына келушілерге үгіт-насихат парақшаларын таратты. Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 мамыр 2019 г. 91 0