Головкин «Канеломен» үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин No Puedes Jugar Boxeo Youtube-каналына берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен үшінші айқас туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
- Олар үшінші айқасты өткізу үшін белбеу керек деп жатыр. Бұл туралы не ойлайсың? - Біріншіден, мен барлық жанкүйерлер секілді үшінші айқас өткізіп, осы уақытта, біздің заманымызда бокс мансабының биік шыңына шыққым келеді... Маған айқас өткізу үшін белбеу керек деп жатқан болса - бұл жөнсіздік дер едім... Дегенмен, байқап көреміз, осы бойынша жұмыс істейміз. Еске салайық, Головкин  мен «Канело» бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауысымен «Канело» жеңіске жеткен болатын.     


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 мамыр 2019 г. 173 0