Қазақстандық жұлдыздар ауыл имамына көлік мінгізді

Өнер жұлдыздары қасиетті Рамазан айында Шамалған ауылының имамына көлік мінгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видеосын жүктеген. 

"Өнер адамдары қасиетті ораза айында көлік сыйға тартты", - деп жазды Ерғали Әбдірайымов.

Шамалған ауылының Жайсан есімді имамына көлік сыйға тартқан өнер жұлдыздары жұрттың жүрегін елжіретті. Өзінің тілек-ниетін білдіріп көліктің кілтін иесіне Мұқасан Шайзадаев табыстаған.

"Оразаларыңыз қабыл болсын. Жәкеңді біраз жылдан бері өзіміз білеміз. Бір қазақтың баласы болса, жәкеңдей-ақ болсын. Қазақ еліне, қазақтың баласына жасап жүрген еңбегі зор. Игілігіңізге мініңіз", - дейді Мұқасан Шайзадаев.

Осылайша талай мұқтаж жанға баспана алып беріп, қол ұшын берген Жайсан имам көлікке ие болды. Өнер адамдарының бұл қайырымдылығын көрген жұрт ақ тілегін жаудырып, алғыс айтып жатты.

"Алла разы болсын істеген істеріңіздің берекесін берсін", "Жарайсыздар, аман болыңыздар, сауабы өздеріңізге мың есе болып қайта келсін", "Рамазан айында жасаған игі істеріңіз оңынан болсын", - десті жұрт.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 мамыр 2019 г. 97 0