Димаштың концертіне жалған билеттер сатылуда

Димаштың концертіне билеттерді сатып жүрген алаяқтар көбейіп кетті! Бұл туралы @Dimash_arnau ресми парақшасында хабарланды.

Жалған билеттерді жеке тұлғалар сатады және жарнамаларды тегін сайттарға, атап айтқанда OLX-қа орналастырады. Билеттерді осы жолмен сатып алған көрермендер концертке кіре алмайды. Концертті ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын билеттерді кассалардан немесе ресми  сайттардан - zakazbiletov.kz және biletiastana.kz сатып алуға шақырады.

Дереккөз: aikyn.kz










 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 мамыр 2019 г. 238 0