Құқықтық сана және мәдениет

 "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қоры облыстық "Қоғамдық денсаулық сақтау" департаменті, "Төтенше жағдайлар" департаменті, "Қылмыстық-атқару жүйесі" департаменті мен "Қорғаныс істері жөніндегі" департаменттерде "Құқықтық сана және мәдениет" тақырыбында түсіндірме шараларын өткізді.

Оның мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, құқықтық сауаттылықты арттыру. Аталған шараларға қор директоры, заң ғылымдарының магистрі Ж.Тұсмағамбетов арнайы қатысып, тақырып төңірегінде хабарлама жасап, қатысушыларды толғандырған сауалдарға жауап берді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 мамыр 2019 г. 161 0