Ендігі міндет – елге қызмет

 Адам өміріндегі ең негізгі мақсаттардың қатарында білім алу бірінші тұр. Ол мақсатқа әркім әрқалай жетеді. Аға буынның әңгімесіне ден қойсақ, оларда білім алуға құштарлық ерекше болғанмен, ірі қалаларға баруға мүмкіндік жоқ еді. Тәуелсіздік алып, «темір перде» түрілген соң ғана шетелде оқуға талпынғандар мұратына жетті.  Ал біздің өңірдің түлектеріне 2014 жылдан бастап облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен Мәскеу мен Санкт-Петербургтың техникалық жоғары оқу орындарының есігі ашылды. Осы кезге дейін аймақтың 510 мектеп бітірушісі Ресей Үкіметі бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі маңдайалды инженерлік жоғары оқу орындарында білім алуға жолданды.
Былтыр алғашқы 74 жас маман дипломдарын алып, елге оралды, қызметтерін бастады. Металлург, технолог, химик, энергетик, жер қатынастары сияқты қажетті мамандықтарды  игерген инженер-мамандар өңірдің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Қызметтеріне кіріскен жас мамандар қазірдің өзінде айтулы жетістіктерге жеткен.
Қазір Ресей университеттерінде 410 студент оқиды. Биыл олардың 117-сі 22 мамандық бойынша оқу­ла­рын тәмамдайды. Олар­дың 24-і оқуын магистратурада жалғастыруға нақ­ты шешім қабылдаған. Тағы 25 жас маман әрі қарай білім алуға тал­пы­нып көрмек. Әзірге 67 түлек елге ке­ліп,  еңбек етеді деген жоспар бар. Алдағы уақытта Мәскеу ұлт­тық технологиялық-зерттеу уни­вер­­си­тетінен – 52, К.Тимирязев атын­­дағы Ресей мемлекеттік аграр­лық уни­верситетінен – 43, Санкт-Пе­тер­бург технология және энерге­тика жо­ғары мектебінен 23 түлек диплом алады.
Облыс әкімі Қырымбек Көшер­баевтың төрағалығымен бітіру­ші жастарды жұмыспен қамту жөнінде мәжіліс өтіп, облыс әкімінің орынбасарларына, мекемелер мен кәсіп­орындар басшыларына тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырма жүктелді.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақовтың  айтуынша, биылғы бітірушілер энергетик, нанотехнолог, материалтанушы, металлург, агроинженер тәрізді мамандықтарды игерген.  
– Агроөнеркәсіптік кешенде жалпы құны 10 млрд теңгені құрайтын 76 жоба іске асырыла бастайды. Аталған жобалардың құры­лыстарын салу мен оларды пайдалануға бергенде жас мамандарға да қажеттілік туындайды. Биылғы бітіруші түлектер ішінде К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық универ­ситетінен тәлім алған аграрлық саланың мамандары бар. Олар индустриялық-аграрлық аймаққа айналу жөніндегі жоспарымызды жүзеге асыруға үлестерін қосуы керек, – деді аймақ басшысы.
Алдағы уақытта аймақтың агросаласы жылдық қуаты 5 мың тонналық ет комбинатымен, жылына 1,5 мың тонна құс етін өндіретін фабрикамен, 2,2 гектарды құрайтын заманауи жылыжай кешенімен, 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасымен, күріш өңдеу зауыттарымен, асылтұқымды репродуктор шаруашылықтарымен, интенсивті бақтармен толығады. Заманауи әрі терең білім алған жастар осы жобаларды іске асыруда алдыңғы қатарда жүруі тиіс.
Жоғарыда атап өткеніміздей, бі­­­тіру­шілердің басым бөлігі ме­тал­­лур­гия, технология, тех­но­ло­­­­гия­лық процестерді авто­мат­­­­тан­­дыру мамандықтарын ала­­­ды. Ин­дус­трия­лық-инно­вация­лық даму­дың екін­ші бес­жыл­ды­­ғында өңірде іске қо­сылуы жоспарланған 4 жоба бо­йын­ша 431 адамды жұмыспен қамту жос­пар­ланған. Жас мамандар осы жо­балар аясында, басқа да ірі кәсіп­орындар мен мекемелерде жұмыс­пен қамтылуы тиіс.
Аймақ басшысы тиісті басшыларға түлектермен тығыз байланыста болып, жұмыс орны ұсынылған мекемелерге жолдануын, жыл соңына дейін олардың барлығының жұмыспен қамтылуын бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ жастарды өңірдегі бос жұмыс орындарына жіберу, республиканың басқа да өндірістік аймақтарындағы бос жұмыс орындарына талдау жасау керек.
– Бұл мамандар тек Сыр өңірінде ғана емес еліміздің басқа да өңірлерінде жұмыс жасап, мемлекетіміздің дамуына үлес қоса алады. Барлық жас мамандарды қарауларыңызға алып, демеп, қолдау көрсетіңіздер, – деді облыс әкімі.  
Алдағы уақытта түлектерді жұ­мыс­пен қамтудың есебі әр салалық құ­­ры­лым басшысынан жеке-жеке сұ­ра­­лады.

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 мамыр 2019 г. 151 0