Тәртіпке кімдер бағынбады?

Бүгінде Әдеп кодексі аясында әдепсіз әрекеттің алдын алуға бағытталған бірқатар шара жүзеге асып, оң нәтиже байқалуда. Дегенмен, кемшіліктер жоқ емес. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бірқатар олқылықтар сөз етілді.
Күн тәртібінде төрт мәселе қа­­рал­ды. Бірінші кезекте мем­ле­­­кет­тік органдардағы моральді-пси­­­­хологиялық климатты анық­­­­тау бойынша жүргізілген сауал­­­нама қоры­тындысы таныс­ты­рылды. Оның нәтижесі бойынша келесі жағдай қалыптасқан. Рес­пон­дент­тердің 40 процентке жуы­ғы ұжым­дағы моральді-пси­хо­ло­гиялық климатты қолайсыз деп таныған, ал ендігісі кәсіби сұ­рақ­тарымен мемлекеттік орган­ның бас­шысына жүгіне алмай­тындығын алға тартыпты. Сонымен қатар, сауалнама барысында облыстық қо­ғамдық денсаулық сақтау де­пар­таментінің, кірістер депар­таментінің, Арал ауданы әкім­дігінің  қызметкерлері бас­шы­лық және өзге қызметкерлер тарапынан қызмет жағдайын теріс пайдалану фактілерін байқағанын білдірген. Жалағаш ауданы әкімдігі мен оған қарасты бөлімдердің қызметкерлерінен алынған сауалнама жауаптары формальді түрде, яғни дайын шаблон үлгісінде тол­тырылғаны да анықталды. Барлық қызметкер 100 процент бірдей сөз­бе-сөз жауап берген. Бұл ретте кеңес мүшелері аудан әкімдігі аппараты тарапынан сауалнаманың объективті түрде өтуі қамтамасыз етілмегенін немесе оған жол берілмегенін айтты.
Мұнан кейін Қазалы ауданын­дағы Әйтеке би кентінің әкімі Жарасхан Мұратбаевтың тәртіптік ісі қаралды. ҚР Жер кодексінің 2-1 бөлігі 2-тармақшасында аудан­дық маңызы бар қалалардың, кент­тердің, ауылдық округтердің әкім­дері елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді делінген. Алайда, қыз­меттік тексеру барысында Жарасхан Мұратбаев ол құзыретті аудандық жер қатынастары бөліміне жүктеумен шектеліп, 6 тұлғаға қатысты нақты шара қолданбағаны белгілі болды. Тарқатып айтсақ, кент әкімі жеке тұлғалардың тиесілі жер учаскелерін нысаналы мақсатта пайдаланып отырғандығына зерделеу жұмыстарын ұйымдастырмаған, олардың салық органында дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе тіркелмегендігі туралы мәлімет анықталмаған. Оған қоса М.Ерқатов, С.Нұрмаханов, Б.Оразбаев, У.Үсен­баев, Е.Жайманов және Д.Жам­бы­ловтардың мекен-жайы бойын­ша орналасқан жер учаскелері ны­са­налы мақсатта пайдаланылмай отырғандығы Қазалы ауданы әкімдігі ұсынған фотосуреттермен дәлелін тауып отыр. Бұл ретте Жарасхан Мұратбаевтың «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-бөлігінің 4-тармақшасында көзделген мем­лекеттік қызметке кір келтіретін тәр­­тіптік теріс қылықтарға жол беріл­гендігі байқалады. Осы фак­­тілер негізінде кент әкіміне «қыз­метіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан бөлек, жиында өткен жылы облыста 872 әкімшілік мем­­лекеттік қызметшінің түрлі тәр­­тіптік жазаға тартылғаны, оның 120-сы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер де­пар­таментінің қызметкерлеріне қа­тыс­ты орын алғаны айтылды. Бұл облыстағы барлық тәртіптік жаза­лардың 14 проценті осы мекемеге тиесілі екенін көрсетеді. Аталған мә­­селені кеңес мүшелері жан-жақ­ты талқылады, департаменттің тәр­­тіптік комиссия төрағасы Ба­зар­­хан Ақжігітовтің хабарламасын тың­дады. Баяндама соңында де­пар­та­мент басшысы Ғалымжан Оры­новқа профилактикалық шара­ларға баса мән беру ұсынылды. Сондай-ақ, жиында облыстық эконо­ми­ка және бюджеттік жоспарлау бас­қар­масының басшысы Нұрғали Қор­­дабайдың «ескерту» түріндегі тәр­тіптік жазасы мерзімінен бұрын алы­нып тасталды. Себебі, басқарма бас­шысы тәртіптік жаза алғаннан ке­­йін қызметте оң нәтижеге көр­сеткен.
Қорытындысында кеңес мүше­лері мемлекеттік қызметтің жауап­сыздықты көтермейтінін тағы бір қаперге салды. Қызметте адал, әділ болуға шақырды.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2019 г. 276 0