Қызылордада жол көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында «Лада Гранта» маркалы  автокөлік пен «Мотогуззи» мотоциклы соқтығысты. Алған жарақаты салдарынан  мотоцикл жүргізушісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Биылғы жылдың 23 мамыр күні Қызылорда қаласында Н.Назарбаев даңғылы бойында «Лада Гранта» маркалы  автокөлік пен «Мотогуззи» мотоциклы соқтығысып, салдарынан мотоцикл жүргізушісі қалалық ауруханаға  жатқызылды. Алған жарақат салдарынан ол ауруханада қайтыс болды. 
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. «Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2019 г. 347 0