Қызылордада «Mercedes-Benz» маркалы автокөлік өртеніп кетті

Қызылордада жол-көлік оқиғасынан кейін «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жол-көлік оқиғасы облыс орталығындағы Ыбырай Алтынсарин және Амангелді көшелерінің қиылысында болған. Сол жерде «Lada Largus» маркалы автокөлігі мен «Mercedes-Benz» автокөлігі соқтығысып қалған. Нәтижесінде «Mercedes-Benz» автокөлігі өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша «Lada Largus»» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610- бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмғанын хабарлаған едік.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 мамыр 2019 г. 621 0