Шалғай ауылдағы шаттық

Жаңақорған ауданының Қосүйеңкіауылындағы №161-ші мектеп жазушы Дүкенбай Досжановтың бастамасымен салынған. Қазір қаламгер есімін иеленген мектеп өте әсем, ауласы желек, ішін гүл көмкерген. 

Бұл білім ошағындағысоңғы қоңырау салтанатына қатысқанда байқағанымыз 11-сыныпқа жетекшілік еткенГүлзада Нұрғалиева бітіруші шәкірттерін ертіп, топ жарып төрге орналасты.Түлектердің алдағы ҰБТ-ға дайындығы жақсы екені көрініп тұр. Осының бәріәлемнің мәнін берген, білімнің бәрін берген ұстаздар еңбегі.

Ардагер ұстаздар,ата-аналар, мектеп ұжы­мы­на, оқытушыларға дән риза. Мектеп әрбір адам үшінтемірқазық. Мектеп – өмір жалғасы, ұрпақтар сабақтастығы. Бітіргендеріне 10, 20жыл болған азаматтар келіп ұстаздарына құрмет көрсетті. 

Дүкенбай Досжановтайқазақтың әйгілі қаламгері салдырған мектепте ұрпақтар жалғасы өміршең боларына сеніміміз мол. 

 

Сәнімжан ҮМБЕТӘЛИЕВА, 

зейнеткер.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2019 г. 339 0