Димаш Құдайберген ресми сайтын іске қосты

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің ресми сайтын іске қосты. Dimashinfo.com сайтының жұмыс істеп тұрғанын әншінің командасы растады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сайт іске қосылды, бірақ ол тек бета-режимде жұмыс істеп тұр. Әлі жасалатын жұмыстары аз емес. Ағымдағы айдарларында талай өзгерістер болады және жаңа функциялар іске қосылады. Біз сайтты жақсарту үшін фанаттар пікірімен санасып, журналистермен және сарапшылармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - дейді әншінің PR-орталығы.
Сайтта Димаш және оның жоспарлары туралы жаңалықтар жарияланады, сондай-ақ алдағы концерттерінің афишасы болады. Сайт күнделікті жаңартылып отырады. Оны Димаштың командасы да, әншінің фанаттары да толықтырып отырады.
«Сайттың маңызды бөлігі тыңдармандарға арналады, ол жерде «Dears» (Димаштың фанаттары  - авт.) өз шығармашылығымен, әсерлерімен және жоспарларымен бөлісе алады. Сайттың дамуындағы аса маңызды кезең - Қазақстан туралы айдардың ашылуы. Онда Димаш әртүрлі елдердегі фанаттарына өз Отанының әдемі орындарын, ерекшеліктерін, Қазақстан мәдениеті мен табиғаты қаншалықты саналуан екенін айтып және көрсетіп отырады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген «Жаңа толқын» байқауына шақырылған болатын.   


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2019 г. 424 0