Ержан Максим елордада Мүсілім Магомаевтың әнін шырқады

«Голос. Дети» жобасының жеңімпазы Ержан Максим ерекше күтімді қажет ететін балалардың  XIV халықаралық «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінде қонақ болып, Мүслім Магомаевтың әнін салды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жас әнші «Жұлдызай» жеңімпазы Алина Мұратовамен бірге ән шырқаған болатын. Екеуі Мүслім Магомаевтың «Синяя вечность» атты шығармасын орындады. Алина Мұратова - Қызылорда қаласындағы зейінінде ақауы бар балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы. Еске салсақ, елордада «Жұлдызай» фестивалінің гала-концерті өтіп, оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан болатын.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 маусым 2019 г. 434 0