74 оқушы каникулярлық мектепті сәтті тәмамдады

  Мамыр айының 27 мен 31 аралығында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Каникулярлық мектеп жұмысы ұйымдастырылды.
Аймағымыздағы жалпы білім беретін мектептердегі 5-сыныптың 80 жуық оқушысы бейінді пәндер бойынша оқу сабақтарынан дәріс алып, мұғалімдермен бірлесіп конкурстық іріктеуге даярлық жұмыстарын жүргізді.
Каникулярлық мектеп – оқушылардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қызығушылығын арттыру және Зияткерлік мектептерге Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантына түсуге дайындау үшін жағдайлар жасауға бағытталған жоба.  
«Виртуалдық мектеп» веб-сайтының көмегімен үміткерлер мектепте оқу үшін алдын ала тіркеуден өтіп, тиісті тапсырмалар алып, орындайды.
«Виртуалдық мектептің» тапсырмаларын үздік орындаған оқушылар күндізгі оқуға Зияткерлік мектепке шақыртылады.
Бір апталық курс барысында оқушылар «тыңдалым», «айтылым», «оқылым» және «жазылым» дағдыларын дамытуға арналған арнайы жаттығулар орындау арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастырды.
Тілдік пәндер сабақтарында қатысушылар сөздік қорларын байытып, тест тапсырмаларын арындау арқылы мектепке түсу емтиханына дайындық жүзгізуге мүмкіндік алды.
Ал, математика сабағында оқушылар шетелдік мұғаліммен бірге командалық логикалық тапсырмаларды орындап, пәнге қызығушылығын арттырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 маусым 2019 г. 342 0