Масаға ескерткіш қойылуы мүмкін

Атырауда масаға ескерткіш орнату туралы ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің компания ретро-саябақтың аумағын сенімгерлік басқаруға алды. 900 шаршы метр ауданның 700 шаршы метрін алып жатқан гүлзарлар қалпына келтірілді. Субұрқақтың біреуі іске қосылды, жуырда екіншісі де істейтін болады. Сосын жақында ретро-саябақта Атыраудың масасына ескерткіш қойылуы мүмкін. Балық пен мұнай секілді ол да - біздің өлкенің символы», - дейді саябақты сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысы Татьяна Тегай.
Оның айтуынша, серіктестік саябақты өз қаражаты есебінен басқарады. Осы арқылы қаланы абаттандыруға үлес қоспақ.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 маусым 2019 г. 488 0