Қызылордада жанармай бекетінде газ жарылды

Газ жарылысынан 2004-ші жылғы бала жараланды. Қызылордадағы жанармай құю бекетінің аумағында газ-ауа аралас қоспа жарылды, деді брифинг барысында ТЖ жөніндегі комитет төрағасы Владимир Беккер, деп хабарлады Zakon.kz.
- "Қызылорда-газ" ЖШС-інің автогаз құю бекетінің аумағында автобусқа газ құю кезінде газ жарылысы болды. Өрт тарап кеткен жоқ. Бірақ 2004 жылы туылған Аманұлы қолы мен бетінің күйігімен ауруханаға жеткізілді. Ол газ құю бекетінің клиенті, газ баллонын толтыру үшін кезегін күтіп тұрған, - деді Беккер.
Оның сөзінше, автогаз құю бекеттерінде газ баллондарын толтыруға тыйым салынады.
- Тұрмыстық газ баллондарын автогаз құятын бекеттерде толтыруға тыйым салынған. Аталған газ бекетінде пайдалану ережелері жиі бұзылған болуы мүмкін, соның салдарынан осындай оқиға орын алып отыр. Қазір автокөлікте газ қолдану кеңінен таралып келеді, соған байланысты стационарлық станциялар орнату бойынша, газбен жүретін көліктердің жабдықталуы бойынша да түйткілдер бар, - деп қосты Беккер.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 481 0