Қазалыда спорттық алаң пайдалануға берілді

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамдардың спортпен шұғылдануына кеңінен жол ашу — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл бағытта Қазалы ауданында көптеген шаралар қолға алынуда.
Жақында Әйтеке би кентіндегі «Мелиоратор» мөлтек ауданында спорт алаңы пайдалануға берілді. Бұл жерде енді балалармен қатар ересектер де спортпен шұғылданып, түрлі жаттығулар жасай алады.
– «Мелиоратор» мөлтек ауданында 23 екі қабатты көп пәтерлі үйде 310 тұрғын үй орналасқан. Бұл жерде орта есеппен алғанда 1550-ге жуық халық тұрады. Тұрғындардың бос уақытын қауіпсіз әрі тиімді өткізуін қамтамасыз ету, физикалық тұрғыда салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоғамда жақсы жағдайда өмір сүруіне септігін тигізу мақсатында ашылған спорт алаңы өз жұмысын бастап кетті, – дейді «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» КММ есеп және шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Сейтекен.  
Шағын аумақтағы алаңда салауатты өмір салтын сақтап, бұқаралық спорт түрлерімен айналысатын 9 тренажерлық жаттығу құралы бар. Бұл жерде тұрғындар әр күн сайын таңертең және кешкілік уақыттарда өз беттерінше немесе спорт жаттықтырушыларының қадағалауымен түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізе алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 306 0