Тұрғындар тілегі - қызмет тірегі

Әр айдың соңғы бейсенбісі күні қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев күнделікті жеке қабылдаулардан бөлек қала әкімдігі жанындағы «Құқық қорғау қызметтері орталығында» қоғамдық қабылдау өткізіп келеді.
30 мамыр күні өткен кезекті қоғамдық қабылдауда қала әкімі 200-ге жуық тұрғынның жеке мәселерін тыңдап, әр мәселе бойынша жеке танысып, бақылауда ұстайтындығын жеткізген болатын.
Тұрғындарға берген уәдесіне сай, шаһар басшысы 2019 жылдың  3 маусым күні қабылдауында болған азаматтардың өтініштерімен жеке танысу мақсатында бірқатар нысандарды аралаған еді.
4 маусым күні аталған шара жалғасын тауып, шаһар басшысы тағы да бірқатар нысандарға ат басын тіреді.
Бұл жолы да қала әкімі сала басшыларымен бірге Бәйтерек-1 мөлтек ауданы, Талсуат ауылдық округі және Титов қыстағының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Нұрлыбек Машбекұлы тұрғындарды алаңдатып жүрген су, газ, электр қуаты және жол сұрақтары бойынша жауапты мекеме жетекшілеріне түйінді мәселенің шешімін тез арада табуды тапсырды.
Бүгінде жоғарыда көтерілген сауалдар шешімін тауып,   қызу жұмыстар бастау алып кетті.
Жалпы, қала әкімінің қабылдауында болған тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтар мен мәселелердің шешімін тауып жатқандығына және қабылданып жатқан жедел шараларға ризашылығын білдіруде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2019 г. 328 0