Қызылордада көл бетіне қалқып шыққан ер адамның мәйіті табылды

Анықтау барысында бұл азаматтың 1958 жылы дүниеге келген Қызылорда қаласының тұрғыны екені белгілі болды.
Қызылорда қаласының Қалғандария көліне 61 жастағы азамат батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне полиция қызметкерлерінен хабар түскен. Онда Қызылорда қаласының «Аэрофлот» саяжайындағы Қалғандария көлінде белгісіз ер адамның денесі судың бетіне шығып тұрғаны айтылған.
«Хабарлама бойынша Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы 2 бірлік техникамен оқиға орнына барды. Ер адамның денесін судан шығарды. Одан кейін марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне табысталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Анықтау барысында бұл азаматтың 1958 жылы дүниеге келген Қызылорда қаласының тұрғыны екені белгілі болды.
Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 10-ға жуық адам суға кетті. Оның жартысына жуығы балалар болып табылады. Былтыр дәл осындай жағдайдан 22 адам көз жұмған.
Бұдан бұрын Қызылордада екі күнде үш адамның суға кеткенін хабарлаған едік.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2019 г. 456 0