Қазақстандық бала Мессимен кездесіп, оған шоколад сыйлады (видео)

 Нұр-Сұлтандық Әли Тұрғанбеков Лионель Мессимен және Суареспен кездесті, деп хабарлайды ELnews.kz.
Спортты жақсы көретін мүгедек бала кумирімен суретке түсіп, оған қазақстандық шоколад сыйлады.
"Қуанышымда шек жоқ. Месси мен Суарес келіп, қолымнан қысты. Әрине, ішімде көбелектер ұшып жүрді, әсіресе, Месси басымды сипағанда. Сондай-ақ, Месси бірдеңе айтты. Құдайға барлығы үшін рахмет! Барлығы Алла Тағаланың қолында, оған сеніңіз, тек одан сұраңыз! Мен армандадым, ата-анам арманымды орындауға тырысты, ал Алла бәрін жасады", - деп жазды Бала Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Әли Тұрғанбеков аяқсыз дүниеге келген. 

​​​

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2019 г. 329 0