"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ: Дүрбелең туды деген жалған сөз

  

              Бүгін түс кезінде әлеуметтік желіде қазақстандықтардың жаппай «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіндегі» шоттарын жапқызып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Тіпті банк алдында кезекке кептелген адамдардың суреті де жарияланған. Банк осы дерекке қатысты ресми ақпарат берді. Бұл туралы банктің https://hcsbk.kz/ сайтында жарияланды.

      «Бүгін сағат 15.00-дегі жағдай бойынша «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен» 456 адам шот ашқан. 95 адам қарыз алған. Салымшыларға қатысты өзге де банк процедуралары жоспарлы режімде жүріп жатыр. Өңірлердегі банк филиалдары да халыққа штаттық режімде қызмет көрсетуде», - делінген ресми ақпаратта. Банк Қылмыстық кодекске сүйене отырып, аталмыш жалған ақпарат таратушыларға қарсы шағым түсіргенін хабарлайды.

        «Жұмыс күні аяқталғанға дейін кемінде 200 адамға қарыз беру жоспарланған. Кеше тұрғындар 279 қарыз алған болатын. Олардың алды қазірдің өзінде жаңа баспаналарына кіріп жатыр», - делінген хабарламада.       

     «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ мемлекеттік жинақтау институты болғандықтан, оның акцияларына «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі арқылы Қазақстан Республикасының үкіметі иелік етеді. Сондықтан, банк өз клиенттері алдындағы міндеттерін орындауға барлық жағынан қауқарлы», - делінген банктің ресми мәліметінде.

 

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2019 г. 480 0