Жыл басынан бері Қызылорда облысында 52 автокөлік өртенген

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 52 автокөлік өрті тіркелген, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Осыған байланысты Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды және автоәуесқойларды автокөліктерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және оларды ескеруге шақырады. Әрбір автокөлік иесінің жауапкершілігі жоғары болған жағдайда жану мен өрт оқиғасына жол берілмейді.
"Бұл үшін төмендегіні есте сақтау керек: аккумуляторды тікелей көлік құралында зарядтауға болмайды; жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға болмайды; май құю бактарының аузы ашылған күйінде көлік құралдарын қалдыруға болмайды; тек қозғалтқышқа ғана емес, сондай-ақ автокөліктің электр бөлігіне де техникалық қызмет көрсетуді кезең сайын жүргізу қажет; автокөлікті жарамды өрт сөндіргішпен қамтамасыз ету керек; өрт болған жағдайда "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалу қажет", - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2019 г. 364 0