Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешенін іске қосу жоспарлануда

«Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигонының құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді жеткізу» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев мәлімдеді.
– Аталған жобаға Белкөл кенті аумағынан 20 га жер учаскесі белгіленді. Жобаны іске қосу мерзімі - 2019 жылғы 1 қазан айы, – деді А.Абдуалиев.
Басқарма басшысының айтуынша, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Арал ауданының Арал қаласында да полигон құрылысы басталып, осы жылы іске қосылатын болады.
Сондай-ақ, алдағы уақытта Арал ауданының Сексеуіл кентіне және Сырдария ауданының Тереңөзек кентіне тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон құрылысын жүргізу жоспарлануда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2019 г. 427 0