Қызылорда – Жалағаш жолында автокөлік апатынан 2 адам қаза тапты


Қызылорда – Жалағаш жолында екі автокөліктің соқтығысуынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды  https://tengrinews.kz/ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  "Үстіміздегі жылдың 7 маусымында Сырдария ауданы аумағындағы Қызылорда – Жалағаш тас жолында Mitsubishi Galant және Audi S4 маркалы екі көлік соқтығысып, 2 адам оқиға орнында қаза тапты", - делінген департамент таратқан хабарламада.

 Осы факті бойынша қазір соталды тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалған.  Оқиғаның мән-жайы анықталуда
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2019 г. 3 425 0