Қызылордада көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында «Lada Granta» маркалы автокөлігі аударылып, бір жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Бұл келеңсіз жағдай 6 маусым күні орын алған. «Lada Granta» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған. Салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 
«Аталмыш  жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен  тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2019 г. 559 0