Илья Ильин British International Open 2019 чемпионатында өнер көрсетеді

7-9 маусым аралығында Англиядағы (Ко́вентри) «Рико Арена» стадионында British International Open 2019 чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан хабарланғандай, аталған чемпионатта кем дегенде қола медаль алғандар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады. Қазақстан атынан аталмыш біріншілікке Илья Ильин (96 келіге дейінгі салмақта) мен Денис Уланов (81 келіге дейінгі салмақта) қатысады. 
Еске сала кетсек, осы жылдың сәуір айында қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Қытайдың Нинбо қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бесінші орынды қанағат тұтқан болатын. Ал Денис Уланов болса аталмыш чемпионатта қола жүлде иеленді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 маусым 2019 г. 472 0