Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев финалға шықты - Қазақстан барысы

Елордада өтіп жатқан «Қазақстан барысы-2019» турнирінің финалына Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, жартылай финалға Айбек Нұғымаров (ШҚО), Айбат Сейтен (Нұр-Сұлтан), Руслан Әбдіразақов (Алматы) пен Ерасыл Қажыбаев (ШҚО) шыққан болатын. Ерасыл Қажыбаев финалға барар жолда Айбат Сейтенді жеңсе, Айбек Нұғымаров Руслан Әбдіразақовтан айласын асырды. Елордада өтіп жатқан турнирді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалауда. 
Еске сала кетсек, елорданың «Барыс-Арена» спорт кешенінде «Қазақстан барысы - 2019» турнирі өтіп жатыр. Республикалық турнирді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде. 
Ұйымдастырушылар осы уақытқа дейін айтқандай, финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 балуан белдеседі. Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі. ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 маусым 2019 г. 506 0