Сайлаудың жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін

Біз кешеден бері сайлауалды  дайындықты пысықтадық. Сайлау комиссиясының дайындығы, сайлаушылардың дауыс беруі үшін ыңғайлы жағдай жасау жұмыстарының деңгейі өте жоғары. Сайлау үдерісінің ұйымдастырушылығы көңілімнен шықты. Елдің  дауыс беру қарқыны да жаман емес. Барлық заңдылық сақталған. Дәл қазіргі сәтке дейін қандайда бір өрескел олқылық орын алмады. Тұрғындар арасында ешқандай түсінбеушілік болған жоқ. Шағым түскен жағдайда сайлау комиссиясы дер кезінде шешіп, жұмысын жақсы атқаруда. Сондықтан бүгінгі сайлаудың жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін.

Владимир Писарюк,

Саратов облыстық сайлау

 комиссиясының төрағасы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2019 г. 418 0