Дұрыс таңдау жасалды

Қазақстанда үлкен саяси шара – Президент сайлауы болып өтті. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдегеніндей, алдын-ала мәлімет бойынша саяси науқан нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев 70,7 процент дауыс жинады. Сөйтіп сайлауда халық өз таңдауын жасады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлғаның бірі. Ол жас мемлекеттегі дипломатия саласын көтеруге күш салды. Сайлаудың алдында мен ол кісінің «Россия» телеарнасына берген сұхбатын көріп, оның мемлекет саясатында орнықты тұлға ретінде іс-әрекет жасайтынына сенім артқан болатынмын. Ол талапшыл, жылдам шешім қабылдайтын, сонымен бірге сөзбұйдаға жоқ адам. Теледидарда, әсіресе, оның «Мен мемлекеттік маңызы бар жиынның өзін өткізуге 20 минут ғана уақыт жұмсаймын» дегені ұнады.
Қ.Тоқаевтың Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндігі мол екеніне сенімдімін.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2019 г. 461 0