Акция қорытындыланды

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов мәлімдеді.

Таза су айдындары» атты табиғат қорғау акциясы облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарында 1-31 мамыр аралығында өткізілді. Акция жылда осы мезгілде, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жасалған іс-шара жоспарына сәйкес, табиғат қорғау мекемелерінің, жануарлар дүниесін пайдаланушыларының, балық шаруашылығы су айдындарына жақын орналасқан ауыл тұрғындарының, студенттердің, оқушылардың және өздеріңіздің қатысуларыңызбен өткізіліп тұрады. Бұл акцияның маңыздылығы су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазалау. Облыстың негізгі балық шаруашылығы су айдындарында, Кіші Арал теңізінде Инспекцияның қызметтік катерлерімен және жануарлар дүниесін пайдаланушарының моторлы қайықтарымен су ішіндегі ау қалдықтары жиналып шығарылды, жануарлар дүниесін пайдаланушылары өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді»,-деді М. Нұрмағамбетов.

Облыстық бір айлық «Таза су айдындары» атты табиғат қорғау акциясының нәтижесінде, тазалау жұмыстарына 752 адам қатысып, 98 техника және 22 шағын көлемдегі кемелер жұмылдырылып, 53,6 тоннаға жуық әр түрлі тұрмыстық қоқыстар мен 530 ау-құралдардың қалдықтары жиналып тазартылған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 маусым 2019 г. 378 0