Жұмыссыз жастарды оқытты

«Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры жұмыссыз жастарды оқытты. Жастардың мамандықтарын жетілдіріп, өз кәсібін жүргізуге бағыттайтын бұл бастама 72 сағаттық қысқа мерзімді оқыту курстарымен қамтамасыз етілген.

Атап айтқанда, орталық бұл жолы «Аспазшы», «Сату және сатып алу менеджері» мамандықтарына 20 жұмыссыз жасты оқытып, арнайы сертификаттар табыстады.
– Халқымыз «Балық берме, оны аулайтын қармақ бер» дейді ғой. Біз жыл бойына 50 жасты оқытуды жоспарлап отырмыз. Келесі жолы электрик, электр-дәнекерлеуші, шаштараз мамандықтарына даярлаймыз, – деді қор директоры Жанат Сұңқарбаева.

«СБ» ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 маусым 2019 г. 374 0