Ойын алаңында көз жұмған бала: Дәрігерлер түсініктеме берді

Денсаулық сақтау басқармасы ойын алаңында көз жұмған балаға қатысты түсінік берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Хабар жеткеннен бастап арнайы көмек бригадасы оқиға орнына 11 минут ішінде жеткен. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Қабылданған шараларға қарамастан 2012 жылы туған қыз баланың биологиялық өлімі тіркелді», - деп хабарлады  денсаулық сақтау басқармасында.  
Басқарма мәліметінше, бала ауыр созылмалы дертімен тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есепте тұрған.  Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.
 Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағандының сауда үйлерінің біріндегі ойын алаңында жазатайым оқиға орын алған. Әткеншектен құлаған 7 жасар бала көз жұмды.   


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2019 г. 98 0