Қызылордада көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолында «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш оқиға 10 маусым күні орын алған. Нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. «Аталмыш оқиға сағат 22.30 шамасында орын алған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне. Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеудің басқа деректері жария етілмейтінін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2019 г. 59 0