Үндістанда күн ыстық: 4 адам қайтыс болды

Үндістанның солтүстігінде пойызда отырған 4 жолаушы аптап ыстықтан мерт болды, деп хабарлайды https://24.kz/.

 Мамандардың айтуынша, олардың үшеуі көлікте, ал біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырған.

Белгілі болғандай, жолға шыққандардың көбі Агра қаласынан Тадж-Махалға шыққандар екен. Айта кетейік, қазір елде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктер алда да аптап ыстық жалғасатынын болжап отыр.  

Осыған орай жергілікті билік тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2019 г. 114 0