Президент әлеуметтік мәселелерге үлкен мән беріп отыр

Кеше ғана еліміздің тарихында жаңа кезек бастау алды. Ел болып президентіміздің сайладық. Бүгін Президент ресми жұмысына кірісті. Ұлықтау рәсімі аса жоғары деңгейде өтті.
Лауазымына кіріскен Президент бірқатар маңызды мәселелер қамтылған бағдарламалық сөзі мен бастамаларын жариялады. Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алдымен халқымыздың әлеуметтік мәселелерін жандандыруға ерекше мән беріп отыр.
Осы бастамалардың жан-жақты орындалуына халық болып үлес қосайық. Ең бастысы бізге бірлік пен ынтымақ керек. Бірлік арқылы биік белестерді бағындыратынымызға сенім мол.

Талғат ТІЛЕС,
Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты төрағасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2019 г. 182 0