Шиеліде алтын құрсақты аналар марапатталды

Шиеліде көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Киелі Шиелі жерінде тұрып жатқан 18 ана осы марапатқа ие болды. Оның біреуі алтын алқа, он жетісі күміс. Осылайша көп балалы аналарды салтанатты түрде құттықтаған аудан басшысы Әшім Оразбекұлы аналарға ізгі тілегін де жолдады.
Жиын соңында аналар да мемлекеттің осынау қамқорлығына зор алғыстарын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Шиелі ауданы бойынша, 2443 батыр ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 693 болса, ал «Күміс алқа» таққандардың саны – 1402.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2019 г. 168 0