Елімізде жазғы маусымда қосымша пойыздар шығарылады

Елімізде жазғы маусымға байланысты қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы.
«№ 201/210 «Алматы -Түркістан» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13 маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді.
№ 207/208 «Алматы - Шымкент» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13 маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді.
№ 205/206 «Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша. Күн ара. 10 маусымнан бастап 30 тамызға дейін қатынайды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 30 маусымнан бастап 30 тамызға дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан - Достық» бағытында жүретін қосымша пойыз іске қосылады деп күтілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2019 г. 97 0