Халықаралық суретшілер симпозиумы басталды

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Аға ұрпақ өнері - жастарға аманат» атты Халықаралық суретшілер симпозиумы басталды.
Симпозиумның мақсаты - талантты жастарға қолдау көрсету, бейнелеу өнері саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер мен талантты жас қылқалам шеберлерінің басын қосып, көркемсурет саласы бойынша пікірлесу, өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру.
Симпозиум аясында облыс орталығындағы Көркемсурет галереясына Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Айтбаевтың есімі беріліп отыр.
Халықаралық симпозиумға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерімен қатар, республикаға танымал қылқалам шеберлері мен жергілікті белгілі суретшілер мен жастар қатысып, бейнелеу өнерінің түрлі жанры бойынша салынған жаңа туындыларымен бөлісіп, өз шеберліктері мен қабілеттерін шыңдайды. Симпозиумға барлығы 20 суретші қатысуда.
Симпозиум жұмысы 13 маусым күні Қорқыт атаның жай тапқан жері – Қармақшы топырағынан басталып, Қамбаш көлінде жалғасын тауып, Қызылорда қаласында қорытындыланады деп жоспарлануда. Симпозиум қорытындысы бойынша 25 маусымда Көркемсурет галереясында көрме ұйымдастырылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2019 г. 70 0