Болашаққа қадам

 Тәуелсіз Қазақ­стан­ның саяси өмі­рін­де үлкен оқиға болды. Күні кеше Нұр-Сұлтандағы Тәуел­сіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рә­сімінде Мемлекет басшысы ре­тінде Қа­зақ­стан халқына ант берді.
Сайлау жоғары дең­гейде өтті десек болады. Біздің қоғам­да демократияның серпілісі бар екенін көрсетті. Таңдау Қасым-Жомарт Кемелұлына бекерден бекер түскен жоқ. Себебі, ол әлемдік деңгейдегі саясаткер. Тұңғыш Прези­дентіміз Елбасының саясатын жалғастырушы тұлға.
Әрине, жаңа президенттен өзгерістер, сайлауалды бағдар­ламасына қойған міндеттерін орындалуын күтеміз. Менің ойымша, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөздің ғана емес, істің де адамы. Сайлауалды бағдарламасында саяси платформасының негізгі бағыттарының орындалу меха­низм­дерін көрсеткен. Сол себепті, бүкіләлем­дік аренада, қауым­дастықта өз орны бар қазақ қоғамы бір­тұ­тастығымен дамитынына мен кәміл сенемін. Біз осы сайлауда халқымыздың, қоғам мүшелерінің өзі үшін ғана емес, бола­шағы үшін дауыс берген күннің куәсі болдық.

Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафед­ра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2019 г. 126 0