«Ояз» бағында ерекше ағаштар өсірілуде

Қазалыда негізінен таулы аймақтарда өсетін емен ағашы өсіріліп жатыр. Діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін бұл ағашты Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты "Ояз" бағында жерсіндіру мақсатында тұқымнан отырғызылған.
– "Ояз" бақ аумағына таулы аймақтардан өзге жерде өспейтін емен ағашын алғаш отырғызғанда шықпай қала ма деген қауіп болғаны рас. Алайда, тынымсыз еңбектің, күтіп-баптаудың арқасында ол ағаштар бой көтеріп, жапырақ жайып тұр. Бойы бір метрден асып тұр. Егілген көшеттерге өзге осындағы өзге орманшылар бірге жаз, күз бойы күтім жасаймыз. Көшет отырғызылған жерлерді жылына 4 рет арам шөптен арылтып, тазартып тұрамыз, – дейді орманшылар.  
17 гектар жерді алып жатқан «Ояз» бағында жергілікті жерде өсетін талдардан бөлек, жылауық тал, катальпа, арша, сунах, айлант, қарағай, үйеңкі және алма, шие, қара өрік сияқты жеміс ағаштарының көшеттері жайқалып тұр. Мұның бәрі орманшылардың еңбегі екені сөзсіз. 



 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2019 г. 199 0