Атырауда прокурор ұсталды

 Жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, осы жылғы 11 маусымда Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады. Бұл туралы prokuror.gov.kz/ сайтында ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.   

Соттың санциясымен Ж.Ж. Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2019 г. 272 0